Бүгінде цифрландыру процесі әлемдегі барлық елдерге әсер етіп жатқанда, әр педагогтің кәсіби қызметінің жаңашылдыққа жылдам бейімделуі, білім берудегі инновацияны игеруге деген талабы, өзін-өзі толыққанды кәсіби және тұлғалық ұйымдастыра алуы, өзінің даму стратегиясын құра білуге ұмтылуы – оқу орындарының оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыруды анықтайды.
2020 жылы 25 маусым күні қашықтықтан білім беру кезеңінде атқарылып жатқан жұмыс түрлері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Ерлік Барысұлы Жанділдиннің басшылығымен ұйымдастырылған «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің қашықтықтан оқыту жағдайындағы ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында республикалық вебинар өткізілді. Вебинарға республикамыз бен облысымыздың кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындарының өкілдері қатысты.
Вебинар барысында колледж директорының орынбасарлары қашықтықтан оқыту кезеңінде цифрлық әрекеттің қандай ресурсы ыңғайлы, соны пайдалануды жүзеге асыру, ҚР-ның білім беру платформаларының түрлері, онлайн режиміндегі оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, студенттердің іс-тәжірибесін, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасты. Вебинар соңында қатысушылар ұсынылған материалдар бойынша сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді, ұйымдастырушыларға алдағы қажырлы еңбектеріне толағай табыстар тіледі.