Республикалық референдум

18.05.2022

2022 жылғы 18 мамырда М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Саиров Ерлан Бияхметович, СҚО бойынша білім басқармасының басшысы Жашибеков Назир Азаматович, "AMANAT" партиясы филиалының атқарушы хатшысы Рахметова Асем Калашбаевна техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары және оқытушыларымен кездесу өткізді. Іс-шара Республикалық референдум тақырыбы аясында өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер білім беру ұйымдары қызметкерлерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін сақтауына қатысты болды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрбір азаматтың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, нанымына қарамастан өз ұстанымы мен пікірін білдіруге құқығы бар. Яғни республикалық референдумға қатысу таңдау бостандығына құқығын іске асыру болып табылады. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері мен ұжымы 2022 жылғы 5 маусымда өтетін Республикалық Референдумда өз таңдауын жасап, өзінің азаматтық құқығын жүзеге асыруға дайын.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст