2022 жылдың 20 сәуірі М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері «АДОН-СЕВЕР» ҚБ орталығының тәрбиеленушілерімен ойын сауық және дамыту бағдарламасын өткізді. Адамның айналасындағы объективті әлем туралы жан-жақты түсінігі сенсорлық-моторлық қабылдаусыз дами алмайды, өйткені ол сенсорлық танымның негізінде жатыр. Колледж студенттері ұсақ моториканы дамытатын тапсырмаларды орындатты, тәрбиеленушілерге ермексаздан, қағаз сулықтардан қуыршақтар, қағаздан, жармадан, моншақтан, түймелерден көптеген жұмыстар жасауға көмектесті. Кездесу соңында орталық тәрбиеленушілерімен қозғалмалы, дамытушы ойындар өткізілді.