«Оқытудың жаңа жағдайында бейімделу кезеңінде 1 курс студенттерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу»

26.11.2018

23 қарашада орыс тілінде оқыту бөлімінде «Оқытудың жаңа жағдайында бейімделу кезеңінде 1 курс студенттерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңестің мақсаты-оқытудың сапасын арттыру және контингентті сақтау тәсілі ретінде студенттерді педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру.

Педагогикалық кеңестің күн тәртібі:

1. 2018-2019 оқу жылының 1 курс студенттерін оқытудың жаңа жағдайларында бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу.

2. Бейімделу кезеңіндегі сынып жетекшісінің қызметін талдау.

3. Студенттердің бейімделуі бойынша педагогикалық ұжымның қызметін талдау.

4. Мәселелерді талқылау. Әртүрлі.

Студенттердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі-кәсіби қызметтің субъектісі ретінде шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, дамытудың бірінші кезеңі. Колледжге мамандық алып, әр түрлі пәндерді оқи отырып, студенттер өзіне деген сенімділікті, коммуникабельділікті, жауапкершілікті, өздігінен білім алуға ұмтылысты алады. 1 курс студенттеріне сауалнама жүргізу нәтижелерімен, жаңа білім беру ортасына бейімделу, колледждің қоғамдық өміріне тарту, педагогикалық және студенттік ұжымға деген сенім деңгейін колледж психологы - Г. К. Аюпова таныстырды.

Тәрбие үдерісінің негізгі буындарының бірі сынып жетекшісі – куратордың жұмысы болып табылады. Бұл жұмыстың сапасы негізгі білімді меңгеру дәрежесіне және ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуална байланысты. Колледждің бірінші кураторының жұмысы қиын. Жаңа жинақ тобының жетекшілері: Завертяева И. В., Сыздыкова Д. С., Новикова Е. В., Романюк Н.А. сынып жетекшінің бейімделу кезеңіндегі қызметіне толық талдау жасады.

Үшінші сұрақ бойынша орыс тілінде оқыту бөлімінің меңгерушісі Т. В. Калмыкова сөз сөйледі, ол 1 курс студенттерін бейімдеу бойынша педагогикалық ұжымның қызметіне жалпы талдау жасады.

Педагогикалық кеңес бірінші курс студенттерін бейімдеу жұмысын қанағаттанарлық деп таныды. Педагогикалық кеңестің жұмысы бойынша топтармен жұмыс барысында психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалану керек деген шешім қабылданды

Орыс тілінде оқыту бөлімінің меңгерушісі Т. В. Калмыкова


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст