2022 жылғы 23 қыркүйекте Петропавл қ. ПБ ювеналды полиция аға инспекторы Г.Х.Темиргалиева кәмелетке толмаған студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 1 курс студенттерімен түсіндірме әңгіме өткізді. Өз әңгімесінде инспектор ұрлық, тонау, бопсалау сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тоқталды. Студенттерге қылмыстық жауапкершілік қай жылдан бастап басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Сондай-ақ, білім алушыларға темекі өнімдерін пайдаланудың, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішудің, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуының салдары туралы және нормативтік актілердің басқа да бұзушылықтары туралы түсіндірді.