26.04.2021
2021 жылдың 23 сәуірінде М. Жұмабаева жоғары колледжінде № 25 орта мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Оның мақсаты – өзін-өзі тану шекарасын кеңейту және кәсіптер әлемі мен олардың ерекшеліктері туралы ақпарат алу арқылы оқушылардың мамандық таңдауға жауапты көзқарасын қалыптастыру; оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындығын қалыптастыру процесін жандандыру. Оқушылар колледж құрылымымен таныстырылды. Оқу кабинеттері, колледж жабдықтары, мұражай, кітапхана және жатақхана көрсетілді. Оқушыларға буклеттер таратылды. Іс-шара презентациялар мен бейнероликтерді көрсетумен сүйемелденді.