2023 жылдың 15 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің ақпараттық пәндер оқытушысы И.А.Морев студенттерді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіне экскурсияға апарды. Экскурсия барысында полиция қызметкерлері студенттерді көрме экспонаттарымен, заманауи көліктермен, қазіргі таңда қолданып жүрген қару-жарақ, техникаларымен таныстырды. Студенттерге кәсіптік бағдар беретін ақпараттық буклеттер таратылды.Бұдан кейін студенттер Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті мұражайына барды. Мұражай қызметкерлері Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша заманауи полицияның қалыптасуы және өз ісінде батырлық танытқан майталман қызметкерлері жайлы мәліметтер берді.Экскурсия соңында студенттер Жедел басқару орталығына барып, Петропавл қаласындағы орнатылған бейнебақылау қондырғыларымен танысу ұсынылды. Бұл кездесу білім алушылар үшін үлкен қызығушылық тудырып, студенттер арасында көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар алынды.