2021 жылғы 1-10 ақпан аралығында колледждің әлеуметтік-психологиялық қызметі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор Мусина Сәния Сайранқызымен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 1-2 курс студенттерімен түсіндіру әңгімелерін өткізді. Инспектор кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мінез-құлқы үшін жауапкершілігі және кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың алдын алу ерекшеліктері туралы айтып берді. Тәртіп сақшысы балалармен сабаққа қатысу және сабақтан кейін бос уақыттарын қалай өткізу туралы әңгімелесті. Өз дәрісінде инспектор кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар туралы, қоғамдық орындарда есірткі құралдарын пайдалану, темекі шегу және спирттік ішімдіктерді ішу, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болуы, нормативтік актілердің басқа да бұзушылықтары туралы түсіндірді.