2019 жылдың 12 қыркүйегінде Петропавл қаласының Жастар ресурстық орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру мақсатында колледж студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді.
Елімізде 2019 жыл - Жастар жылының жариялануы Президентіміздің жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды. Жастар жылының салтанатты ашылуы рәсімінде қазіргі Қазақстанның тарихын жасауға ат салысып жатқан жалынды жастар көріп, көңілге қуаныш ұялатады - деп қалалық Жастар ресурстық орталығынының жетекшісі Азат Мұхамеджанов сөзін бастады.
Жолдаудың негізгі аспектілері, оның ішінде 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялау туралы, сонымен қатар, орталықтың жұмысы, жүргізіліп жатқан және жоспарланған іс-шаралар жайлы колледж студенттерін хабардар етті.
Студенттеріміз жиынға белсене қатысып, еріктілер қатарына қосылды.
Малгаждарова К.К.,
преподаватель колледжа