Информатика пәнінің мұғалімі-қазіргі заманғы техникалық оқыту құралдарын қолдану арқылы өмірдің өзгеретін жағдайларына бейімделе алатын ақпараттық-құзыретті тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын педагог.Информатика теорияны игеруді ғана талап етпейді: мұғалім алған білімдерін іс жүзінде қолдануға үйретеді. Пәннің танымалдығы мен ғылымның дамуы медицинаға, банк саласына, авиацияға, геологияға және т.б. есігін ашады. Құрметті талапкерлер Сіздерді 01140400 "Информатика" мамандығы бойынша колледжге түсуге шақырамыз, біліктілігі 5ав01140401 Қолданбалы информатика бакалавры. Егер сіз болашақта беделді мамандық иегері болғыңыз келсе, біз сізді колледж студенттерінің арасында күтеміз!