Педагогикалық кеңес

14.06.2019

2019 жылдың 12 маусымында М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде кезекті педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесі болашақ педагогтың жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың қажетті шарты ретінде».

Педагогикалық кеңесте 28.01.2019 жылғы педагогикалық кеңестің шешімін орындау туралы ақпарат бойынша полилингвалды орталықтың жетекшісі А.Е. Алпыспаева, силлабустарды әзірлеу жөніндегі уақытша шығармашылық топтың жетекшісі А.П.Лялькова жұмыс нәтижесін қорытындылады. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Т.Солтанова «Студент тұлғасын адамгершілік-рухани тәрбиелеудегі куратордың рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

Педагогикалық кеңес 3 тақырыптық секцияда өз жұмысын жалғастырды.

№ 1 Тақырыптық секцияның проблемалық алаңы: «Қазіргі жағдайда студент тұлғасының адамгершілік – рухани мінез-құлқын қалыптастыру жүйесі» атты семинар-тренинг. Модераторлар: Сыздыкова Д.С., Малгаждарова К.Г.

№ 2 Тақырыптық секцияның проблемалық алаңы: «Әр түрлі санаттағы студенттердің адамгершілік-рухани құлдырауының алдын алу (интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері, бейресми топтардың ықпалына ұшыраған тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балалар)» проблемалық іскерлік ойын (проблемалық жағдайларды шешу). Модераторлар: Аюпова Г.К., Синягина Т.Н.

№ 3 Тақырыптық секцияның проблемалық алаңы: «Болашақ мұғалім – қоғамның рухани мәдениетінің тірегі» диспут-ойын

Модераторлар: Кушербаева Ж.А., Кудыкенова Ж.М., Тихонова О.Л., Тимошенко Н.В.

Педагогикалық кеңес соңында шешім шығарылып, қорытынды жасалынды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст