«Кәсіпорын – колледж» серіктестігі
«ӨНДІРІСТЕГІ 10 КҮН»
1-КҮН. «Кәсіпорын – колледж» серіктестігі
«Өндіріс нені талап етсе – колледж соны үйретеді!» акциясы аясында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Өндірістегі 10 күн» жобасының алғашқы күні басталды.
«Іс жүзіндегі серіктестік» іс-шарасы аясында колледждің қазіргі және әлеуетті әлеуметтік серіктестерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында кәсіптік практиканы ұйымдастыру, дуальды оқытуды дамыту, жұмыс берушілермен өзара байланысты нығайту және түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал ету мәселелері талқыланды.
Кездесудің маңызды нәтижесі – Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж бен әлеуметтік серіктестер: «Prime Ozat Mektebi» ЖШС, «ПолиАрт» дизайн студиясы, «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылуы болды.
Меморандумдарға қол қою кәсіптік практика базаларын кеңейтуге, тәжірибеге бағытталған және дуальды оқытуды дамытуға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ колледж бен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер береді.
Колледж бен кәсіпорынның берік серіктестігі – еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлаудың маңызды қадамы!