2022 жылдың 7 маусым күні Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде "Педагогикалық жасақтар шеруі" сайысы өтті., оның мақсаты - тәлімгерлердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін арттыру. Сайыс кезеңі бір айналымнан тұрды, онда әр топтың визиткасы, ұраны және әні ұсынылды. Жарысқа 9 топ өз жасақ атауымен қатысты: НО-2-19 "Level up", УИЯБ-2-20 "Уияbest", УРЯ-2-19 "Амулет", УМ-2-19 "Абордаж", НОБ-1-20 "Infinity", УМО-1-19 "Самғау", УКЯ-1-19 "Бірлік", УИЯ-1-19 "Жастар", УИЯД-2-19 "Юность". Жасақтардың өздерін таныстыру барысында келсідей критерийлер арқылы бағаланды: шығармашылық, кәсіби ерекшеліктерін көрсету, ұйымшылдық, ең үздік жасақ әні, анық қимыл-қозғалыстардың орындалуы. Сайыс нәтижесінде әр командаға сертификаттар мен номинациялар берілді: - «Ең үздік жасақ ән» - УИЯД-2-19 - «Ең креативті команда» - УРЯ-2-19 - «Көрермендер көзайымы» - УИЯ-1-19 - «Ең ұйымшыл жасақ» - НОБ-1-20 - «Мамандығына берілген жасақ» - УКЯ-1-19 - 3 -орын – УИЯБ-2-20 - 2 – орын – УМО-1-19 - 1 – орын - УМ-2-19 - Гран-при – НО-2-19 Іс-шара соңында студенттерге «Сауықтыру лагеріндегі тәлімгер жұмысын ұйымдастырудың технологиясы мен түрлері» оқыту семинар-практикумын өткенін куәландыратын сертификат берілді.