«Педагогикалық шеберліктен – педагогикалық ынтымақтастыққа»

29.11.2021

2021 жылыдың 25 қарашасында «Бастауыш білім беру» бірлестігінің апталығы аясында, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушылары Муратова Алтыншаш Қабдоллақызы, Құттымбетова Торғын Науанқызы және Макажанова Жұлдыз Мақсұтқызының ұйымдастыруымен Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Педагогикалық шеберліктен – педагогикалық ынтымақтастыққа» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара 3 кезеңнен тұрды: 1.«Білім негізі –бастауыш» 2. «Тәрбие басы – тал бесік» 3. «Функционалдық сауаттылық- заман талабы» Дөңгелек үстелге білім беру саласындағы оқу тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс- тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салып келе жатқан бастауыш сынып ұстаздары қатысты С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып ұстаздары Абуева Р.Т., Мұхаметжанова Б.А., Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектептің бастауыш сынып ұстаздары Сатубалдинова А.А., Уразамбетова С.С., М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалиева Т.М. «Білім негізі –бастауыш» кезеңінде С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның бастауыш сынып ұстаздары Абуева Р.Т. Мұхаметжанова Б.А. пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаңартылған білім мазмұнына сай бастауыш сыныптарға арналған сабақ фрагментін көрсетіп, өз шеберліктерімен бөлісті. «Тәрбие басы – тал бесік» кезеңінде Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің бастауыш сынып ұстаздары Сатубалдинова А.А., Уразамбетова С.С. Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты тәрбие сағаттарын көрсетті. «Функционалдық сауаттылық- заман талабы» кезеңінде М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Ескалиева Т.М. өзінің шеберлігін екі жағынан бірдей таныта отырып, бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны өмірде қолдана білуді болашақ бастауыш маман иелеріне түсінікті етіп жеткізе білді. Дөңгелек үстел соңында «Керемет және жаман сурет » әдісі арқылы ойын ойнатылып мұғалімдермен студенттер ынтымақтаса жұмыстарын көрсетті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст