2021 жылдың 8-26 ақпан аралығында «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК «Атамекен» ҚР ҰКП бірлесе облыстық «STARTUP-JK» үздік бизнес – жобасы байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті тұлғаны, әлеуметтік жауапкершілікті және іскерлікті дамыту үшін жағдай жасау.
Байқау екі кезеңде өткізілді:
1-кезең: конкурсқа қатысу үшін онлайн өтінім нысанын толтырып, құжаттар топтамасын (бизнес-жоспар) қоса беру қажет болды.
2 кезең: бизнес-жоспардың презентациясын дайындау. Презентация талаптары: топтың (немесе компанияның) атауы, жарнамалық ұран, өнімнің сипаттамасы, компанияның мақсаты, миссиясы және нарықта өзін қалай ұстайтындығы, өзектілігі мен бірегейлігі.
Жалпы бизнес-жоба байқауына әр түрлі бағыттарды қамтитын 15 жоба келіп түсті. Оның тоғызы бірінші іріктеутен 2-ші кезеңге өтті.
Эксперттік комиссия мүшелері:
1. Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасының сарапшысы - Ебжанов Айдос Маратұлы;
2. «Мир праздника «Божья коровка» ЖК жетекшісі - Джемалединова Юлия Александровна;
3.«Есіл» өңірлік даму орталығы ЖШС директоры - Шайкин Ғабит Ноянұлы;
4.Мағжан Жұмабаев атындағы жоғарғы колледждің кәсіпкерлік қызмет негіздері пәнінің оқытушысы - Шарипов Жан Бөкенбайұлы;
5.Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің жастар комитетінің жетекшісі, «Елбасы Медалі» жобасының 2020 жылғы қол медалінің иегері – Малғаждарова Құндыз Ғабдоллақызы.
Байқаудың қорытындысы бойынша облыстық бизнес-жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды:
1 орын – Юсупов Рустам Шамильевич (Петропавл қ. Машина жасау колледжі);
2 орын - Аманкелдиева Ақторғын Саматқызы (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж);
2 орын - Бартель Любовь и Бартель Алена Алексеевна (Байкен Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі);
3 орын - Шмидт Алена Леонидовна (Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі);
3 орын – Науменко Михаил және Селиванов Дмитрий (Тайынша агробизнес колледжі);
Келесі номинациялар бойынша жеңіске жеткендер:
«Ең шынайы бизнес-жоба» - Юсупов Рустам Шамильевич (Петропавл қ. Машина жасау колледжі) ;
«Ең өзекті бизнес-жоба» - Мухамедгалиев Султан Темиргалиевич (ж. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылық колледжі, Петропавл қаласы);
«Ең үйлесімді команда» - Рахматтулина Залина Ильгамовна және Хайржанова Жадра Рашиловна (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж).