Ұлылар мұрасы: заманауи білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері

17.11.2022

Ұлылар мұрасы: заманауи білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері

2022 жылдың 17 қарашасында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Ұлылар мұрасы: заманауи білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – А.Байтұрсынұлы мен М.Әуезовтің әдебиет, ғылым, шығармашылық мұралар саласындағы рөлін зерделеу және олардың идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде жүзеге асыру.
Конференция аясында «Білім беруді трансформациялау: тәжірибе және перспективалар» және «Тіл білімі және әдебиеттану: қазіргі заманғы үрдістер мен жүзеге асыру жолдары» тақырыптары бойынша 2 секция жұмыс істеді. Конференцияға қала, облыс және республиканың жалпы білім беретін мектептерінің, колледждерінің, жоғары оқу орындарының магистранттары, оқытушылары қатысты.
Конференцияға қатысушылардың баяндамаларында оқытудың инновациялық әдістерін тарату мәселелері, қазіргі білім мен тәрбие жүйесіндегі оқытудың өзекті мәселелері, қазіргі білім берудегі тіл білімі мен әдебиеттану негіздері қарастырылды.
Қатысушылар конференцияның тәжірибе алмасуға қолайлы алаңға айналғанын, республика мұғалімдерінің жан-жақты ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ықпал еткенін атап өтті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст