Азаптаулардың алдын алу жөніндегі ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ)

11.05.2021

2021 жылғы 5 мамырда әлеуметтік-экономикалық пәндер оқытушысы Е.В Новикова "Арман" Петропавл әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының қызметкерлері үшін "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ұлттық алдын алу тетігін құру және оның қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру" тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шара М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі мен оқу орнының әлеуметтік серіктесі болып табылатын осы ұйым арасындағы тұрақты ынтымақтастық шеңберінде өтті.

Орталық қызметкерлеріне БҰҰ халықаралық шарттарына сәйкес жасалған азаптаудың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесі болып табылатын ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) туралы ақпарат ұсынылды.

Қазақстанда ҰАТ үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп ҰАТ қызметін үйлестіруді көздейтін "Омбудсмен+" моделі негізінде 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

2019 жылы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының қабылдануына байланысты Бүгінгі күні ҰАТ мандаты кеңейтілді. Олардың қатарында балалар үйлері, мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, түзету мектеп-интернаттары, балалар үйлері және басқалары бар.

Әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының қызметкерлері жан – жақты ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтар қоя алды. Бұл семинар қазіргі таңда өзекті, бұған дейін де аталған ұйымда осындай іс-шаралар өткізілген.

Е.В. Новикова


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст