Жаңа аптаны бірге бастаймыз – Қазақстанның болашағын бірге қалыптастырамыз
Әр дүйсенбі сайын Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері мен қызметкерлері жаңа оқу аптасын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын бірге орындаудан бастайды.
Мемлекеттік Әнұранды орындау – колледжіміздің маңызды дәстүрлерінің бірі. Бұл – Отанымызға, мемлекеттік рәміздерімізге және ұлттық құндылықтарымызға деген құрметімізді білдіретін ерекше сәт.