2023 жылдың 4 мамырында сағат 11.00-де Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант ұйымдастырылып, өткізілді. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу. Диктант жазуға УКЯ-1-22, УИЯД-3-22 топтары қатысты. Нәтижесі бойынша есеп берілді.