М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде 2022 жылғы 6 мамырда оқытушылар Сыздыкова Д.С., Лялкова А.П. «АРДОС Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ бірлесіп «Смотри на меня как на равного» атты семинар өткізді. Семинарға УМ-2-18, УРЯ-2-19 топтарының студенттері қатысты. Бұл іс-шара ерекше адамдарға деген толеранттылықты дамытуға ғана емес, сонымен бірге оқытушының маңыздылығын және дамуында ерекшеліктері бар балаға білім беруді ұйымдастырудағы қызметін түсінуге ықпал етті. Студенттер ұйымдастырушылармен белсенді қарым-қатынас жасады, мүмкіндігі шектеулі адамдардың рөлін сынап, практикалық жағдайларды көрсетті, инклюзивті білім беру туралы өз идеяларын шығармашылықпен ресімдеді. Ынтымақтастықтың жылы атмосферасы және алынған практикалық жұмыс дағдылары ешкімді бей-жай қалдырмады.