Біз бір толқындамыз: танысу, қолдау, буллингсіз орт

Біз бір толқындамыз: танысу, қолдау, буллингсіз орт

«Біз бір толқындамыз: танысу, қолдау, буллингсіз орта» 21 с�...

«Біз бір толқындамыз: танысу, қолдау, буллингсіз орта»

21 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы Жоғары колледжде педагог-психолог Баймұратова С.К. және әлеуметтік педагог Мусина Д.М. ұйымдастыруымен студенттерге арналған тренинг өткізілді.

Тренинг барысында студенттер бір-бірімен жақынырақ танысып, өзара түсіністік, қолдау және сыйластықтың маңыздылығын талқылады. Сонымен қатар буллинг ұғымы, оның түрлері мен көріністері, буллингтің адамға тигізетін кері әсері және оның алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ буллингке жол берудің заң алдындағы жауапкершілігі түсіндіріліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттар айтылды.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
22.09.2026
Дата обновления:
10.11.2026