«Әлемді тербеген әжелер»

02.03.2023

2023 жылдың 1 наурызында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Инабат» клубы мен «Менің отбасым» үйірмелерінің жетекшілері Кожакенова С.Р., Кудыкенова Ж.М. ұйымдастыруымен, Алғыс айту күніне орай «Әлемді тербеген әжелер» атты кездесу өтті. Мақсаты: Алғыс айту күнінің мән-мағынасын, маңыздылығын насихаттау, жастардың бойына ізгілік пен инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ата-ананың еңбегін ақтауға, құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Кездесуге Салима қажы, Ырысжамал қажы, колледжіміздің ардагер-ұстаздары Қымбат Исмукановна, Зәуреш Қайырбековна, Бахыт Салимовна келді. Қадірлі қонақтар бала тәрбиесіндегі отбасы мен қоғамның орнын, ұстаздың рөлін өмірмен байланыстыра түсіндірді. Ұстаздық жолдағы қызықты оқиғалар мен қиындықтарды айтты. Ақ жаулықты әжелердің тәрбие мен өнегеге толы, ғибратты әңгімелері ерекше мәнді де, танымды болды. Студенттеріміз кездесуді асыл әжелерге алғыс айтып, әсем әнмен аяқтады.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст