Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс білім беру теориясы үрдісіндегі елеулі өзгерістермен қатар жүреді. Қазіргі заманғы мектеп мұғалімінен терең ғылыми тағылымдаманы, жоғары біліктілікті, сөзсіз педагогикалық сауаттылықты және құзыреттілікті талап етеді.
2019 жылы 12 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде "Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында диплом алдындағы практика барысында студенттердің жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру"тақырыбында диплом алдындағы іс - тәжірибе қорытындысы бойынша конференция өтті.
Мақсат: Қазіргі заман талабына сай білім беруді жаңғырту шеңберінде жалпы және кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру негізінде студенттерді кәсіби даярлау деңгейінің сәйкестігін айқындайтын диплом алды тәжірибенің нәтижелерін жинақтау.
Конференция жұмысына колледж оқытушылары, студенттер мен қонақтар қатысты:
Қазақ мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жумагулова Гүлгүл Әзімқызы,
"Н.К. Крупская атындағы № 10 ОМ" бастауыш сынып мұғалімі Крайчинская Ксения Сергеевна,
"№8 жалпы білім беретін орта мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Семенова Ольга Владимировна.
НО-1-15, НО-2-15, НОД-4-15 топ студенттерінің сөз сөйлеуі жарқын, эмоционалды болды, іс –тәжірибені мысалдармен дәлелдеді, практика қорытындысы бойынша бейнеролик және презентациялар көрсетті.
Колледж әдіскерлері Муратова А. К. және Тимошенко Н. В. өткізілген қысқа мерзімді сабақ жоспарына талдау жасады. Студенттер жоспар құрастырған кезде сабақтың құрылымы, негізгі типтерін ұстанады, берілген мақсатқа сәйкес тапсырмаларды таңдай алады, дескрипторларды құрастыра алады.
Бітіруші топ студенттерінің диплом алдындағы тәжірибесі бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар көрмесі дайындалды.
Оқу-өндірістік тәжірибе жөніндегі директордың орынбасары А. М. Жакина конференция қорытындысын шығарып, болашақ мамандарға өз тілегін білдіріп, қонақтарға алғысын білдірді.
Студенттердің көпшілігі қазіргі қоғамдағы бастауыш сынып мұғалімдері ретінде кәсіби қызметті жүзеге асыруға дайын екенін сеніммен айтуға болады.
Организаторы: Югай Н.Л., Тимошенко Н.В., Муратова А.К.