«Колледж жұлдыздары» байқауы

«Колледж жұлдыздары» байқауы

2019 жылыдың 25 қазанда колледжде дәстүрге айналған бірінші �...

2019 жылыдың 25 қазанда колледжде дәстүрге айналған бірінші курс студенттері үшін «Колледж жұлдыздары» байқауы өтті. Бұл іс-шара-талант, ұжымшылдық, жастық шақ мерекесі.

Байқаудың мақсаты-бірінші курс студенттерінің талантын ашу, топ ұжымдарын біріктіру.

Осы жылы келесі топтар өз өнерлерін көрсетті: НО-2-19,УМ-2-19,УРЯ-2-19,УИЯД-2-19,НОБ-3-19, ДВ-2-19,ИСР-2-19,СР-2-19.

НО-2-19 тобының өнер көрсету бағдарламасы «Жастар жылы-жаңа толқын, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбына сай болды. Сахнада әр түрлі тілде өнер көрсетілді: жүргізушілер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйледі; ИСР-2-19 тобының студенттері ағылшын тілін жақсы білетіндіктерімен қуантты.

Топтың қойылымдары ерекше және әсем болды. НОБ-3-19 тобы әсерлі би нөмірімен қуантты.

Студенттік өмірдің қойылымдары (УРЯ-2-19, УМ-2-19,СР-2-19 топтары) байқаудың қатаң қазылар алқасына да күлкі сыйлады.

Сайыста салауатты бәсекелестік, өзара көмек, тілектестік және рухтарының көтерілгені көрінді.

Іс шара ұйымдастырушысы
Тихонова О.Л.

Автор:
Абусагитова Альбина Ерболатовна
редактор
Страница создана
05.11.2019
Дата обновления:
22.04.2021