""Негізгі орта білім беру" мамандығы бойынша диплом алдындағы тәжірибе қорытындысы бойынша конференция

18.03.2022

2022 жылғы 17 наурызда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде "Негізгі орта білім беру" мамандығы бойынша УИЯ-1-18 тобының студенттері дипломалды практиканы қорғау бойынша қорытынды конференция өткізді.Конференция ауызша журнал форматында, сонымен қатар сабақтардың үзінділері бар кинотеатр мен көрмелер түрінде өтті. Студенттер конференцияға шығармашылықпен қарады және сабақтарға арналған өз өнімдерін дайындады. Жасалған бұйымдар қол мен есте сақтау моторикасының сапасын жақсартуға бағытталған. Конференцияға колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жакина Асем Марлановна, педагогика пәнінің мұғалімі Макажанова Жулдуз Максутовна қатысты. Тәжірибе әдіскерлері Алпысбаева А.Е. және Тасмағамбетова А. М. атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Жүргізілген статистикаға сүйене отыра дипломалды практикасының қорытындысы бойынша топтың үлгерімі 100% - ды, ал сапасы 96% - ды құрайтды. Шақырылған қонақтар УИЯ-1-18 тобының дағдыларына таң қалып, болашақ мұғалім болуға дайын екендіктерін атап өтті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст