«Инабат»клубы

30.11.2022

Мақсаты: қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және колледж білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студент қыздарының бойындағы әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан - жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке, қоршаған ортада жағымды психологиялық ахуал туғызуға тәрбиелеу. Міндеттері: тарихи дара тұлға арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру; ұрпаққа берілер ұлттық тәрбие көзі ретінде даярлау; кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту; сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету; қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру; болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау; салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу; үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру. Негізгі идеясы: Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле. Өткізілу түрлері: сырласу, пікірлесу, талдау, дөңгелек үстел, шебер-сынып, кештер.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст