2021 жылдың 16 наурызында 0111000 “Негізгі орта білім беру” мамандығы, 0111083 «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын төртінші курс студенттерінің диплом алды практикасының “БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ” тақырыбындағы қорытынды есеп беру конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты-теориялық білім мен дағдыларды жүзеге асыру, оқу барысы кезінде алынған зерттеулерді практикалық тексеру, жұмыстың қорытындысын шығару.
Конференция жұмысына колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жакина Асем Марланқызы, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Саурбаева Салтанат Бүркітқызы,. С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапхананың әлемдік әдебиет залының меңгерушісі Овчаренко Ляна Александровна , колледж оқытушылары мен бітіруші топ студенттері қатысты.
Конференция 3 бөлімнен тұрды. Әр бөлімнің тақырыбына сәйкес студенттер өздерінің диплом алдындағы тәжірибесін өту барысында қолданған әдіс- тәсілдерімен және өз ойларымен бөлісті.
Топтың белсенді студенттері практиканың алғашқы күннен бастап өздеріне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, күнделікті сабақтарына тиянақтылықпен дайындалып отырды. Ерешке атап өтетін студенттер: Есмаганбетова Алуа Жоломановна, Ешимбаева Улболсын Кайратовна, Кожахметова Зарина Канатовна, Қазияқбар Аяулым Маратқызы, Қапар Аружан Қайратқызы, Сердалина Даяна Саятовна, Төлеген Әмина Жанахметқызы.
Жалпы диплом алдындағы практика бойынша топ студенттерінің үлгерімі мен оқу сапасы 100% - ды құрады.
Конференцияның соңы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының әлемдік әдебиет залының меңгерушісі Ляна Александровнаның шағын викториналық ойынымен өз мәресіне жетті.