Дипломалды практиканың қорытынды конференциясы

12.03.2021

2021 жылдың 12 наурызында 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы, 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын төртінші курс студенттерінің «Педагогикалық практика - болашақ маманның кәсіби құзіреттігін арттырудың негізі» тақырыбында дипломалды практикасының қорытынды есеп конференциясы өтті.

Конференция мақсаты: теория жүзінде алынған білім мен дағдыны жүзеге асыру, оқу үдерісі уақытында алынған зерттеулерді тәжірибе жүзеге асыру, жұмыстардың қорытындысын шығару.

Конференцияға колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жакина Әсем Марланқызы, директордың ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Саурбаева Салтанат Беркутовна және колледждің оқытушы-әдіскерлері, бітіруші курс студенттері қатысты.

Конференция барысында бірнеше студент практика уақытындағы өз жұмыстары мен кездескен кедергілерге тоқталып, есеп берді. Олар: Мусина Алтынай - «Сабақ барысында оқушылармен тиімді қарым-қатынас ұйымдастыру», Көпеев Азамат - «Қазақ тілі сабақтарындағы жаңа әдіс-тәсілдер», Сәркен Алтынай, Камитова Жайнагүл - «Қазақ әдебиеті сабағындағы көркем мәтінмен жұмыс барысында қолданған тиімді әдіс-тәсілдер», Жакина Аққу, Смагулова Алия - «Оқушылардың білімін бағалау жүйесі».

Түлектердің кәсіби дайындықтары туралы жүргізілген сауалнамада мектеп басшылары студенттердің ынталы, тиянақты еңбегін ерекше атап өткен, жақсы пікірлер, ұсыныстар білдірген. Колледж басшылығына, ұстаздарға алғыстарын айтқан.

Топтың белсенді студенттері Тулегенова Динара, Толеухан Балнұр, Жакина Аққу, Кенесова Ләззат, Қайырлы Нәзира, Талғатова Айғанымға мектеп директорлары атынан Алғыс хаттар берілген.

Жалпы дипломалды тәжірибе бойынша топ студенттерінің үлгерімі және оқу сапасы - 100% құрайды.

Конференция соңында түлектерге М.Қозыбаев атындағы СҚУ коммерциялық емес акционерлік қоғамының оқытушылары кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст