2019 ж. қазан айының 28 - ші жұлдызында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында фестиваль өткен болатын. Қатысушыларды мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымының директоры «Ардос жүрек» - Карим Ақжан осы отырыстын тұсауын өзі кесті.
Фестивальдың негізгі мақсаттары:
1. Жас таланттар және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау;
2.Оларға қолдау көрсете отырып, өнер бағытына шабыттандыру және оған жағдай жасау;
3.Өмірге деген құлшыныстарын арттыра отырып, мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесін қоғам өмірімен байланыстыру.
Осы отырыс аясында Жастар комитетінің ұйымы да қалыс қалмай, келген қонақтарды ықыласпен қарсы алып, шығармашылық жұмыстарды арқау етіп өз үлестерін қосты.
Жастар комитетінің ақпараттық сектор өкілдері
Тлегенова Ж., Кусаинова У