Өзін-өзі тану идеяларын жаратылыстану-математикалық және қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндерге интеграциялау

16.02.2022

2022 жылғы 19-21 қаңтар аралығында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің жалпы білім беру және арнайы пәндер оқытушылары «Өзін-өзі тану идеяларын жаратылыстану-математикалық және қоғамдық гуманитарлық бағыттағы пәндерге интеграциялау» тақырыбындағы семинарлар циклына қатысты.

Іс-шара «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтыру орталығы мен Петропавл қаласының «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-мен бірлесіп ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушылардың жалпы саны – 80 адам.

Семинарды өткізу мақсаты – колледж оқытушыларына өзін-өзі тану идеяларын оқу-тәрбие үрдісіне, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру саласына интеграциялау мәселелерінде әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар міндеттері:

1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының өзектілігін түсіну;

2. жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, білім беру мазмұнын жаңартуда өзін-өзі тану мүмкіндіктерін талдау;

3. өзін-өзі тану пәнін басқа оқу пәндері саласында интеграциялау тәжірибесін жинақтау және тарату;

4. шығармашылық белсенділікті дамыту, оқытушылардың рухани-адамгершілік кейпін өзгертуі.

Семинар спикері «Бөбек» ҰҒПББСО» өзін-өзі тану тренері Альмишева Айнагуль Жакеновна болды, ол үлкен әдістемелік, мотивациялық және жетекшілк ететін жұмыстар жүргізді. Өзін-өзі танудың әдебиет, музыка, химия, математика, физика, география және т.б. пәндермен интеграциясының мысалдарын келтірді, колледждің сабақтан тыс қызметі арқылы (клубтар, үйірмелер, секциялар, факультативтер) студенттерде борыш, абырой, жауапкершілік, әділдік, тәртіп, өз абыройын сезіну, өзін-өзі бағалау және т. б. сияқты іргелі құндылықтарды қалай қалыптастыруға болатыны туралы айтып берді. Өз кезегінде колледж оқытушылары интеграция мысалдарын келтіріп, жаттықтырушыға өздерін қызықтырған сұрақтар қойды.

Семинар соңында қатысушыларға колледждің оқу-тәрбие үрдісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және интеграциялау, жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған тұлғаны қалыптастыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар ұсынылды.

Мухамадиева Ә.Д., колледж әдіскері


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст