Педагогтің жеке білім беру бағыты-кәсіби дамудың тиімді технологиясы

30.04.2021

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттілігіне сапалы жаңа талаптар қойылады. Мұғалім өзгерісті жүзеге асырудың негізгі тұлғасына айналады. Қазақстандық білім беруді жаңартудың тиімділігі оның болып жатқан инновациялық процестердің негізгі идеяларын түсіну деңгейіне, оның осы өзгерістерді жүзеге асыруға дайындығына байланысты. «Педагогтің жеке білім беру бағыты – кәсіби дамудың тиімді технологиясы» тақырыбында өткен педагогикалық кеңесте дәл осы мәселелер қозғалды. Педагогикалық кеңестің пленарлық бөлімінде колледж директоры Е.Б. Жанділдин білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың рөлі туралы мәселені қарастырды, жаңарту жолында колледжді одан әрі дамыту және әр педагогтің кәсіби өсуі бойынша бағдарлар берді.

Педагогикалық кеңестің одан арғы жұмысы 3 тақырыптық секцияда ұйымдастырылды: 1 секция тақырыбы: «Педагогтердің кәсіби дамуының жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру», 2 секция тақырыбы: «Педагогтердің кәсіби дамуының бір түрі ретінде әдістемелік өнімді әзірлеу», 3 секция тақырыбы: «Жеке білім беру бағытын құру түрінде педагогтердің шеберлігін арттыру». Колледж оқытушылары педагогтердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша мазмұнды, қызықты баяндамалар ұсынды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст