Қазақстан студенттері Альянсының XVII және Жастар комитенің II республикалық слеті

09.11.2020

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжнінің Жастар комитетінің жетекшісі Малгаждарова К.Г. және Жастар комитетінің төрайымы Айтен А.Е. 6-7 қараша күндері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн және оффлайн форматтағы Қазақстан студенттері Альянсының XVII және Жастар комитетінің II республикалық слетіне қатысты.
Колледжіміздің Жастар комитетінің төрайымы Айтен Алия ҚР Ақпарат және қоғамдық даму Вице-Министрі А.Ораловтан алғыс хат алды, сонымен қатар, колледжіміздің Жастар Комитеті Қазақстан студенттері Альянсының Президенті І.Түстікбаевтан «Жастардың өзін-өзі басқару органдары жүйесін дамыту» атты жобасы аясында өткізілген кешенді іс-шараларға белсенді қатысқандары үшін сертификатқа ие болды.
Іс-шараға ZOOM онлайн-платформасы арқылы интерактивті режимде елдің барлық өңірінен 400-ден аса жастар, соның ішінде ТжКБ мен ЖОО жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, студенттік ұйымдардың көшбасшылары, жастармен жұмыс департаменттерінің директорлары, ЖОО ректорлары мен проректорлары қосылды.
Республикалық слеттің аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы ісі комитетінің төрағасы Ш.Байманов сөз сөйледі.
Ш.Байманов өзіннің сөзінде Альянсты 15-жылдығымен құттықтап, студент жастардың елдің дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, студент жастарының өзің-өзі басқаруын дамыту, жастардың бастамаларын қолдау бойынша және т.б. жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О.Ордабаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаменті директоры орынбасары Б.Нарбекова, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті провосты, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADAL BILIM жобалық офисінің әкімшісі С.Пен, «Астана медицина университеті» ректоры Д.Павалькис, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) бас директорының стратегиялық даму жөніндегі кеңесшісі Г.Искакова, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ эксперті А.Құрмансейіт, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) талдау және сапа бөлімінің басшысы Г.Рахимжанова және еліміздің студент жастары кездесіп қазақстандық білімді дамыту және заманауи сын-қатерлердің білім сапасына әсерін, кадрлардың біліктілігін көтеру, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселелерін жаңа форматта ашық талқылады.
Талқылау қорытындысы бойынша ұсыным әзірленіп «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдарға жолданатын болады.
Слет соңында «Ең үздік жастардың өзін өзі басқару ұйымы», «Пікірсайыс турнирі» конкурсының жеңімпаздары, «Қазақстан алтын жастар» сыйлығының лауреаттары және т.б. арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің ЖК республикалық слеттің ұйымдастырушыларына алғыстары шексіз @qsa_ask.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст