Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры

Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры

«Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры» Бүгін Оқушы...

«Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры»
Бүгін Оқушылар сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры» атты Республикалық тілшілер форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды түрде өтті.
Форум – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, оның ғылым мен білім кеңістігіндегі қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ заманауи тіл үйрету әдістерін насихаттау бағытындағы маңызды басқосулардың бірі болды.
Іс-шара барысында колледжіміздің оқытушылары «Полилингвалды цифрлық рюкзак» платформасын таныстырып, оның мүмкіндіктерімен бөлісті. Заманауи білім беру талаптарына сай әзірленген бұл платформа білім алушыларға қашықтан және өз бетінше тіл меңгеруге мол мүмкіндік береді.
Платформаның мазмұны да жан-жақты қамтылған. Мұнда оқу-әдістемелік кешен, тапсырмалар жинағы, тіл үйренуге қызығушылықты арттыратын түрлі танымдық ойындар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдерінің тағылымды бейнебаяндары топтастырылған. Бұл – мемлекеттік тілді меңгертудің тиімділігін арттырып қана қоймай, оны білім алушылар үшін қызықты әрі қолжетімді етуге бағытталған маңызды тілдік плотформа.
Форум аясында мемлекеттік тілімізді дәріптеп, оның дамуына өз үлестерін қосып жүрген колледжіміздің бірқатар студенттері де марапат төрінен көрінді.
Атап айтқанда, Ветрова Мария Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан Алғыс хатпен, ал Колесникова Надежда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Тіл – ұлттың жаны, елдіктің айнасы, рухани тұтастықтың алтын арқауы. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін биіктету – баршамызға ортақ парыз. Ана тіліміздің өрісі кеңейіп, қолданыс аясы артып, ғылым мен білімнің берік тұғырына айнала беруіне тілектеспіз! Мемлекеттік тіліміздің тұғыры биік, мәртебесі мәңгі болсын!

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
09.11.2026
Дата обновления:
09.11.2026