Жұмин Ермек Еркебұланұлы

15.03.2022

Сегіз Серінің елінде, Мағжан мен Сафуанның жерінде, Сәбит пен Ғабит туып өскен топырақта Қожабергеннің жырын жатқа оқып өскен жас ұрпақтың бірі мен - Жумин Ермек. Қазақ елінің Солтүстігінде, Аққайыңды өлкесінде, Есілмен сырласқан, Сәбит дейтін аяулы алтын бесік ауылда дүниеге келдім. Бала кезімнен қазақи тәрбиені бойыма сіңіре отырып, адами құндылықты санама дарытып, жауапгершілік қағидаларын өзімнің ұстанымым ретінде қабылдап үйрендім. Мектеп кезінен бастап, өзімді шығармашылық бағытта дамыта отырып, өлең шығарып, түрлі облыстық және республикалық сайыстарға белсене қатыстым. Ең алғаш рет 8-9-сыныптарда Мағжан оқуларына қатысып, жүлделі орынды қанжығама байладым. Бала кезімнен кітапты сүйіп оқып, ақын-жазушылардың шығармаларымен сусындап өстім. Өсе келе аға буын ақындар салған сара жолмен қолыма қалам алып өлең жазып, өнермен шыңдарды бағындыруға мақсат қойдым. Есімі тарихта алтын әріппен жазылған батырлардың, ақындардың өлкесі бойыма шабыт сыйлап, қолыма қазақтың қара домбырасын ұстап, Біржан салдай ән салып, киелі сахнада сөз маржанын терген Көкшетаулық жас ақындар Мұхаммед Қоңқаев, Абзал Жұмабек және Алматылық ақын Айым Асылбекқызымен айтысқа түсіп, халықтың ыстық ықыласына бөлендім. 2019 жылы тоғызыншы сыныпты аяқтап, армандар орындалатын, мақсаттар айқындалатын, Мағжан мен Сабит ақындарымыздың қолтаңбасы қалған, жүз жылдық тарихы бар Қызылжар қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжге оқуға түстім. Кеудемдегі жұдырықтай жүрегім туған елім, халқым, ана тілім деп соғады. Сол себепті, мен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын таңдадым. Қазіргі кезде жастарымыздың орыс тілінде сөйлегені арқама аяздай батады. Мен Егемен елімнің жүрегінде жалыны мен намысы бар жастарының бірі ретінде елім мен ана тілімнің өсіп, өркендеуіне өз үлесімді қоссам деймін. Мақсатым айқын - мемлекеттік тілге деген қоғамның құрметін асқақтату, ана тіліне жанашырлықпен қарайтын жастарды тәрбиелеу. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді саламын. "Елдің болашағы-жастардың қолында", - деп Елбасымыз айтып өткендей елімізді өркендетіп, мемлекетті көркейту үшін сапалы білім мен саналы тәрбие алу-жастардың басты міндеті екенін ескеріп, қазақ елінің атын әлемге таныту жолында үзбей ізденіп келемін. «Топ – 100» жобасына қатысып, жеңімпазы болуға өзімді лайықты деп санаймын. Бұл жоба маған мақсаттарымның дұрыс бағытта екендігін айқындап, оны жүзеге асыру жолындағы іс-әрекетімнің алғашқы баспалдағы десем артық айтпаған болар едім. Қазақ «Болар баланың бетін қақпа, белін бу» - деген, осы жобаға қатыстыруға көптеген студенттердің арасынан мені таңдағын ұстаздарыма алғысым шексіз. Жалпы оқып жүрген қазақ жастары осындай үлкен жарыстарға қатысып, өз бағын сынап, жүлделі орындарға ие болса нұр үстіне нұр болар еді. Болашағымның бұлыңғыр болмауына қазірден әрекет етсем, елімнің дамуына үлес қосар азамат болып, Мағжан атамыз сенімін ақтайтын жалынды жас, білікті маман атанарым даусыз.
Болашағын ұрпақтын анық көріп,Айтылар таусылмайтын жыры болып Арман бар ма асатын біздер шықсақ Мағжан сенген жастардың бірі болып!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст