«Журналист» үйірмесі аясында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасына барды. Онда бард ақын және актер Владимир Семенович Высоцкийдің туғанына 85 жыл толуына арналған «Жизнь, как струна» кеші өтті. Бұл іс-шараның мақсаты студенттерді В.С Высоцкийдің өмірі мен шығармашылығының ерекшеліктерімен таныстыру, «поэтикалық сөз», «авторлық ән» ұғымдарын ашу болды. Кеш қонағы облыстың белгілі ақыны Виктор Николаевич Денисенко В.С. Высоцкийдің шығармаларын және өз шығармаларын орындап, ұлы бард ақынның өмірі туралы айтып, естеліктерімен бөлісті. Колледж оқушылары іс-шараға белсенді қатысып, В.С.Высоцкийдің "Братские могилы ", "Спасибо ,что живой ", " Баллада о Любви " өлеңдерін жатқа айтты