«Өзін өзі тану: махаббат пен шығармкашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің бірінші курс студенттерінің қатысуымен «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында «АРДОС-Журек» мүгедектер бірлестігінің жетекшісі Кәрім Ақжан Нұрланұлымен рухани кездесу өтті. Кездесу мақсаты - студенттердің рухани құндылықтарын байыту, өскелең ұрпақты адамгершілік идеалдарға баулу. Кездесу барысында студенттердің жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, патриоттық, тұлғалық құндылықтарын үйлесімді түрде құру және тәрбие жөнінде-студенттерді волонтерлік қозғалысқа тарту жұмыстары атқарылды.
Кездесу соңында студенттер Ақжан Нұрланұлына деген жылы лебіздерін білдіріп, құрметті қонақ колледж атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Кожакенова С.Р., өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы