19 қыркүйек ИС-2-18 тобы Е. В. Новиковамен бірге "Абылай хан резиденциясы" мұражай кешеніне барып, студенттер ұлы тұлғаның өмірбаянымен танысып, 18 ғасырдың тарихи оқиғаларына көз жүгіртті.
Экскурсия Резиденцияның бес негізгі залы бойынша өтті. Сонымен қатар, студенттерге Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының белгілі жазушының өміріне қатысты экспонаттары бар "Кел, балалар, оқылық!" атты жылжымалы көрмесі ұсынылды.
Студенттер құнды білім мен көп әсер алды. Ұлы билеуші туралы мазмұнды және қызықты әңгімелері үшін экскурсия жетекшісіне үлкен алғысымызды білдіреміз!
ИС-2-18 тобының жетекшісі Е.В.Новикова