«Экологиялық детектив»

«Экологиялық детектив»

2026 жылғы 5 қарашада оқытушы Кулдаева Л.Т. УИЯ-1-24 тобында «Та...

2026 жылғы 5 қарашада оқытушы Кулдаева Л.Т. УИЯ-1-24 тобында «Таза Қазақстан – таза болашақ» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Іс-шара ерекше интерактивті форматта, «Экологиялық детектив» түрінде ұйымдастырылды. Студенттер экологиялық тергеушілер рөлін атқарып, көлдің ластануына қатысты істі ашу, ұсынылған дәлелдерді талдау, су үлгілерін зерттеу, ластанудың ықтимал көздерін анықтау және экологиялық мәселені шешу жолдарын ұсыну тапсырмаларын орындады. Іс-шара барысында студенттер қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін кеңейтіп, туған өлкенің табиғатын сақтауда әр адамның жеке жауапкершілігі маңызды екенін түсінді.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
06.11.2026
Дата обновления:
20.11.2026