7 мамыр Батырлар күні және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығы қарсаңында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде

05.05.2023

7 мамыр Батырлар күні және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 78 жылдығы қарсаңында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде АӘД оқытушысы О.К.Нурпеисовтың жетекшілігімен жыл сайынғы сап түзеу және ән айту байқауы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты қарулы күштердің мәртебесін көтеру, жастардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу болып табылады. Байқауға 1 курс студенттері қатысты. Байқаудың қазылар алқасына Ауғанстан ардагерлері шақырылды, олар жас ұрпаққа өз тілектерін айтып, оларды жақсы өнер көрсетулерімен құттықтады. Топтардың қойылымдары жарқын және қызықты болды. Әр топ өздерінің іскерліктері мен дағдыларын көрсетті, атап айтсақ сап түзеу тәртібін, ұжымда үйлесімді жұмыс істей білу, бір қатарда шеру жасау, саптық әндерді дауыстап және анық айту. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі түрде жүйеленді: 1 орын ДВ-2-22 , УРЯ-2-22 топтары, 2 орын НОД-4-22, УКЯ-1-22 топтары, 3 орын УМО-2-22, РПО-1-22 топтары. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Барлығына денсаулық пен бейбіт аспан тілейміз!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст