Қашықтықтан оқыту

Сіз қосымша білім алуға және білім деңгейін арттыруға тырысасыз ба? Қашықтықтан оқыту сізге бір уақытта оқуға және мансаптық сатымен «қадам жасауға» мүмкіндік береді. Өндірістен қол үзбей, қаладан тыс жерде бола тұра, сіздің қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша сырттай білім алуға мүмкіндігіңіз бар.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз не?
Қашықтықтан оқыту – бұл оқу бағдарламасы, ең бастысы, студенттің өзіндік оқуына негізделген оқу үдерісін ұйымдастыру. Бұл ретте білім алушы оқытушыдан кеңістікте немесе уақытта бөлінген, ал олардың өзара әрекеттесуі педагогикалық ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар негізінде, ең алдымен, ақпараттық коммуникацияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде қашықтықтан білім алу себептері:
1. Бос уақытта оқу.
2. Тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс орнында оқыту.
3. Мемлекеттік үлгідегі диплом алу.
4. Оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейі.
5. Заманауи электронды білім беру ресурстары.

Қашықтықтан кімдер оқи алады?
Техникалық және кәсіптік білім алып, университетте білім алуды жалғастырғысы келетіндер.
Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде жалпы орта білімі бар I және II топтағы мүгедектер.
Мемлекеттен тыс жерлерге кеткен білім алушылар.

Ол үшін не істей керек?
1. ​Білім алушының компьютермен, электрондық поштамен және Internet желісімен жұмыс істеудің ең төменгі дағдысы болуы тиіс.
2. Білім алушыда дербес компьютерге (стационарлы компьютер, ноутбук, планшет) үнемі қол жеткізу керек.
3. Компьютер Internet желісіне қосылуы тиіс.
4. Білім алушының тұрақты электрондық поштасы болуы тиіс.

Қандай мамандықтарды таңдай аласыз?

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» 0101033 «Мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшынша білімі бар тәрбиешісі» біліктілігімен
Емтихандар: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, биология
Оқыту мерзімі: 2 жыл 10 ай (11 сынып негізінде)

0105000 «Бастауыш білім беру» 0105083 «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігімен
Емтихандар: қазақ (орыс) тілі, Қазақстан тарихы, математика
Оқыту мерзімі: 2 жыл 10 ай (11 сынып негізінде)

0111000 «Негізгі орта білім беру» 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігімен
Емтихандар: қазақ тілі, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті
Оқыту мерзімі: 2 жыл 10 ай (11 сынып негізінде)

0501000 «Әлеуметтік жұмыс» 0501013 «Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман» біліктілігімен
Емтихандар: орыс тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы
Оқыту мерзімі: 1 жыл 10 ай (11 сынып негізінде)

Перечень документов, предоставляемых в приемную комиссию:
1. Білім туралы құжат (түпнұсқа)
2. Флюросуреті бар №086-У үлгісіндегі медициналық анықтама
3. Егу картасы (түпнұсқа)
4. Фотосурет 3х4, 6 дана
5. Жеке куәліктің көшірмесі

Оқыту «SOVA.СДО» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі, жұмыс үшін логин мен паролді менеджер береді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, 8-777-33-55-997

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, 8-777-33-55-997

 


Текст
Виртуальная приемная