Ұстаздар күні

01.10.2022

Ұстаз - қоғамдағы ең асыл мамандықтардың бірі. «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды» ... Әркімнің еңбегі бағалануы тиіс. Ұстаз - әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі, өйткені ұстаз болу - батырлық. Ұстаз - бұл адамның жағдайы, оның қалауы және басқаларға өздерінің қабілеттерін, таланттарын ашуға, өмірде жол табуға көмектесуге дайын болуы. Ұстаздар күні - біздің студенттеріміз ұстаздарымызға қиын да игі еңбектері үшін, зейіні мен шыдамдылығы үшін, шәкірттерін табысты және бақытты көргісі келгені үшін алғыс білдіре алатын тамаша мереке. Ұстаздар мерекесі осы мамандық иелеріне құрмет көрсету үшін атап өтіледі. Біздің колледжде Ұстаздар күні студенттерден құттықтаулар қабылдау дәстүрі қалыптасқан. Бұл әрдайым қызықты концерттік бағдарламаға ұласады. Биылғы жылы 30 қыркүйектегі іс-шараға көптеген жылдар бойы білім беру саласында қызмет еткен, өзін оқытушылық қызметке арнаған педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Құттықтауларды біздің оқытушылар, педагогикалық еңбек шеберлері қабылдады, ал жас мамандар біздің ортақ ісімізге «Сенім мен шындықпен» қызмет етуге ант берді. Сахнада студенттер ән айтып, би биледі, музыкалық байқаулар өткізілді. Педагогикалық еңбегі үшін грамоталар табысталды!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст