Спорт және шеберлік күні

19.03.2021

2021 жылдың 19 наурызы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде "Шымырлық пен шеберлік күні" өтті.

Бұл күн студенттердің дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді. Келесі міндеттер қойылды:

- студенттердің денсаулығын сақтау және нығайту;

- өз денсаулығымызға деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру;

- студенттердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыру;

- дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуға, өзін-өзі жетілдіріп, тәрбиелеуге мотивациялық-құндылықтарын қалыптастыруда, спорттың алар орны ерекше екендігін ұғындыру.

Студенттер барлық спорттық іс-шараларға ерекше қызығушылықпен қатысты. Өздерінің белсенділіктерін, ептіліктерін көрсетіп, салауатты өмір салты насихатталды. Әрине, іс-шарамыз «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынымен өз жалғасын тапты. Тоғызқұмалақ балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді.

«Спорт және шеберлік күні» колледж студенттерінің шымырлығын көрсетіп, жоғары деңгейде өтті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст