«Жайлау күні»

15.03.2021

2021 жылдың 15 наурызы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Жайлау күні» өтті.

Кең-байтақ атамекенінде еркін өмір сүрген көшпелі бабаларымыз табиғатпен тығыз байланыста болды.

Табиғат – ол біздің өміріміздің қайнар көзі. Біз қоршаған ортаны аялау арқылы өмір сүру сапасын жақсарта аламыз. Айналамызды тазалау, тал егіп, көшет отырғызу бұл жас ұрпақ үшін тәрбие мен тәлімге толы ұлағатты іс екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұл күні колледждің бірінші курс студенттері арасында «Жайлау күні» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Сынып сағаттың мақсаты: студенттердің қоршаған табиғат әлеміне танымдық қызығушылығын қалыптастыру, жануарлар әлемі, табиғат құбылыстары туралы білімдерін толықтыру, экологиялық және эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу. Сынып сағаттар әр түрлі үлгіде: ойын, әңгімелесу, саяхат, конференция түрінде өткізілді. Студенттер экология, туған өлкенің сұлулығы, табиғаттың адам өміріндегі маңызы, адамдардың іс-әрекетінің нәтижесінде табиғаттағы өзгерістер жайлы сұрақтар қозғады. Табиғат туралы өлеңдер оқып, қолөнер бұйымдарын жасап, табиғат туралы фильмдер көрді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст