31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Ел тарихындағы қайғылы оқиғаларды, саясаткерлердің қатыгездігі мен елдегі жаңа өзгерістердің нәтижесінде, өздерінің туған елінің азаматтарын жазықсыз қудалаған азаматтарымызды еске алу күні.
Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған салтанатты гүл қою рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараның құрметті қонағы болған Мағжан Жұмабаевтың ұрпағы – Тасболат Сәлімжанұлы Бекенов студенттердің алдында өзінің арнауын оқыды.
Іс-шараның мақсаты: белгілі бір адамдардың тағдырына жанашырлық таныту арқылы студенттердің бойына өткен тарихқа деген құрметтерін арттыру.