2022 жылдың 13 сәуірі М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде Ғылым күніне арналған «Велосипед жолдары: заманауи қалалық ортаның міндетті элементі немесе автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жолындағы кезекті кедергі» тақырыбында пікірталас турнирі өтті. РПО-2-21 тобының студенттері велосипедтің маңызды көлік түрі екенін дәлелдеуге тырысты, себебі студенттік өмірде көптеген жастар велосипедті негізгі көлікке айналдырады. Велосипед көлігін жақтаушылар қала бойынша автобуспен жүру көп уақытты алады, ал велосипед тезірек жетуге мүмкіндік береді деген дәлелдер келтірді. Пікірталастың барлық қатысушылары біздің қалада велосипедпен жүру әрдайым ыңғайлы бола бермейтінін мойындайды, өйткені мамандандырылған велосипед жолдары жоқ. Талқылау барысында велосипедшілерге барлығымыз тұрақта тұрған автокөліктерді көруге дағдыланған қаламыздың орталық көшелеріндегі жолдың бір бөлігін босату ұсынылды. Қатысушылар Петропавл қаласына, әрине, веложолдар қажет, бірақ олардың құрылысы тек шығынды іс қана емес, сонымен қатар көп уақытты талап етеді деген қорытындыға келді.