Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Зияткерлік күні» аталып өтті. Жауапты оқытушылар мен 4- курс студенттері УКЯ-1-20,УИЯ-1-20, ИСР -1-20, НО-3-18 топтары арасында « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты ойынын өткізді. Осы күні студенттердің интеллектуалдық әлеуетін дамыту мақсатында ұлттық фольклормен танысып,мақал-мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешілді. Студенттер ойынға белсене қатысты. НО-2-20 тобы қазақ халқының салт-дәстүрін кеңінен насихаттау мақсатында «Шашу» салтын көрсетті. Шашу бала туылғанда, тұсау кескенде, келін түскенде, күйеу келгенде, отау көтергенде, құда келгенде, тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. НО-4-18 қазақтың ою- өрнегін ою челленджін, ВТД-3-20 тобы куратор А.Т. Абдарахмановамен бірге колледждің «Ұлттық киімдегі күн» челленджіне қатысты.