М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде қазақ тілінің онкүндігі өтті.

25.03.2023

15 наурыз 2023 жылы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде қазақ тілінің онкүндігі аясында 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы, 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын төртінші курс УКЯ-1-19 топ студенттерімен «Бүгінгі студент - ертеңгі жас маман» атты дипломалды практикасының қорытынды есеп конференциясы өтті. Конференция мақсаты:студенттер теория жүзінде алынған білім мен дағдыны жүзеге асыру, оқу үдерісі кезінде алынған зерттеулерді тәжірибеде жүзеге асыру. Конференцияға колледж директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жакина Әсем Марланқызы, «Негізгі орта білім беру» бөлімінің меңгерушісі Сергазина Динаргүл Оразбекқызы және колледждің оқытушылары мен әдіскерлері, 2-4 курс студенттері қатысты. Конференция төмендегі сұрақтар бойынша жүргізілді: 1. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылған тиімді әдіс - тәсілдер; 2. Ашық сабақтар; 3. Сыныптан тыс іс- шаралар 4. Мемлекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабағын берудің ерекшелігі. Топ студенттері Смаилова Зере, Дусмогомбетова Жұлдыз, Адилжан Зәмзәгүл және Кикбаева Алтынай сабақ беру барысында өздері қолданған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Нұрсұлтанқызы Інжу, Абенова Амина, Жұмахмет Қарақат, Тлегенова Медина өткізген ашық сабақтары туралы есеп берді. Ал Макенова Айғаным мен Темертасова Рузанна мектеп жоспарына сай өткізген іс-шараларымен көрермендерді таныстырды. Турекулова Милана мемелекеттік тілде оқымайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берудің ерекшелігіне тоқталды. Нурахметова Асылжан Марланқызы түлектердің кәсіби дайындықтары туралы жүргізілген сауалнама қорытындысымен таныстырды. Директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жакина Әсем Марланқызы конференция жұмысына тоқталып, болашақ жас мамандарға ұстаздық жолдарына сәттілік тіледі. Топ студенттер Макенова Айғаным, Садвакасова Алина, Темертасова Рузанна, Смаилова Зере, Илюбаева Азиза, Хамитова Мадиан, Дусмогомбетова Жұлдыз, Жумагалиева Анэль, Адилжан Зәмзәгүл және Нұрсұлтанқызы Інжу тәжірибеден өткен мектеп басшылары колледж директоры Ерлік Барысұлы мен ұстаздар қауымына алғыс хаттар берген.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст