15 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Сүйіспеншілікпен кітап сыйла» акциясы басталды! Іс-шара «Қазақстанның кітап оқитын ұрпағы – 2021» балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау ұлттық акциясы аясында өткізіліп отыр.
Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты идеясы - қағаз кітап маңызды сыйлық болып қала беретінін және технологиялар ғасырында да өзінің құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.
Достар, бір-бірімізге себепсіз кітап сыйлап, жақындарымызды қуантайықшы!