Тәрбиеші болу керемет! Ана болу мыңдаған бала үшін. Және күн сайын, сағат сайын Бақытты және дана болыңыз!

01.04.2022

2022 жылғы 29 наурызда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығы бойынша ДВ-1-19 және ДВ-2-19 тобының студенттері дипломалды практиканы қорғау бойынша қорытынды конференция өткізді. Конференцияға директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жакина Асем Марлановна, колледж оқытушылары және "Петушок" балабақшасының тәрбиешісі- Коптырева Татьяна Анатольевна мен "Ақ бота" балабақшасының тәрбиешісі - Альжапарова Назерке Әділжановна қатысты. Конференция барысында әр топ өздерінің дайындықтарын конференция барысында үзінді сабақтары мен көрмелері арқылы дәлелдей алды. Сабақты түрлендіріп, жаңа технология элементтерін пайдалана өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, студенттердің сабақтарын тиімді жүргізуіне мүмкіндік берді. Өздерін тәрбиеші ретінде, еркін сезініп, жауапкершілікпен меңгерген теориялық және практикалық біліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Шақырылған қонақтар топтардың дағдыларына таң қалып, болашақ тәрбиеші болуға дайын екендіктерін атап өтті. Тәжірибе қорытындысы бойынша студенттерге грамоталар мен алғыс хаттар, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу үшін шақырулар табыс етілді. Қорытындылай келе, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Жакина Асем Марлановна конференцияға қатысушыларға сапалы бірлескен жұмысы үшін алғыс айтып, студенттерге таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан кезде практикадан алған тәжірибелерін дұрыс оңтайлы пайдалана алуға тілек білдірді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст