«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық жәрмеңкесі

05.02.2019

2019 жылғы 1-12 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өткізілуде.

Осыған орай 04.02.2019 ж. М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжде «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырушылары - Омарова М. Т., Мухамадиева А. Д., Жукенова Б.Г. «Өзін-өзі тану» пән оқытушылары.

Біздің колледжіміздің қабырғасында осындай қайырымдылық жәрмеңкесі екінші рет өткізілуде. Жәрмеңкенің мақсаты - мұқтаж студенттерге материалдық көмек көрсету.

Осындай ізгі істерді жасауға біздің студенттеріміз әрдайым алдынғы қатарда. Себебі, «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.

Жәрмеңкенің бір күні ішінде 13000 теңгеден астам теңге жиналғанын атап өту керек, ол материалдық қиындықтарға тап болған студенттердің өз қажеттіліктеріне жұмсалынады.

Өзін-өзі тану пән оқытушысы – Омарова М.Т.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст